avangard-pressa.ru

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. 1.Биогенді миграция заңдылығының әсер ету принципі қандай? - Экология

1.Биогенді миграция заңдылығының әсер ету принципі қандай?

2. Ноосфера деген не?

3. Тұрақты даму деген не?

ІV. Жаңа сабақ:

"Адам-Табиғат" жүйесін комплексті түсіну және оның адам іс-әрекеті мен табиғаттың гармоникалық дамуы ретінде өзгеріске ұшырауы - қазіргі ғылыми-техникалық прогресті экологизациялаудың интелектуалдық базисін құрайды және ол төмендегі принциптерге сүйенеді:

1. Өмір сүрудің рухани сипаты - табиғат пен қоғам қарым-қатынасын реттейтін экологиялық моральдің негізі.

2. Болашақ маманға тәрбие, білім беру жүйесі - экологиялық ойлауды дамыту принциптері негізінде құрылуы шарт.

3. Кез келген маманның негізгі қағидасы - "биосфераны бүлдірмеу" болуы тиіс.

4. Ойлау — глобальды, ал іс-әрекет — локальды болсын.

5. Белгілі территориялар масштабында және бүкіл планета бойынша техносфераны басқарудың репрезентативті экологиялық модельдерін жүзеге асыру.

6. Шаруашылық нормалары мен деңгейін адам және биосфера коэволюциясы негізінде дамыту.

7. Табиғи ресурстарды рациональды пайдаланудың бірыңғай нормалары негізінде, табиғат қорғаудың экологиялық критерийлерін комплексті унификациялау.

8. Іс-әрекет бірлігі - табиғат бірлігінен туындайды.

9. Ғылым, техника, өндіріс - экологиялық мүмкіндіктер тоғысында ғана бағалануы және дамуы тиіс.

10 Ғылыми-техникалық іс-әрекеттің барлық бағыттары -экологиялық когерентті болуы қажет.

Табиғат деген ұғымды, біз өзімізді қоршаған орта — тау-тас, өзен-көл, жан-жануар, өсімдіктер және т.б. заттардан тұратын дүниелер деп түсінеміз. Ал енді, бұған өзгеше бір кең мағынада анықтама берсек, табиғат дегеніміз -адамзат қоғамы тіршілік ететін материалды-энергетикапык, және букіләлемдік информациялық дүниелер жиыны. Берілген анықтамалардан табиғат дегеніміз - тек жер бетін мекендейтін адамзат, жан-жануарлар, өсімдіктер дүниесі ғанаемес, сонымен қатар, жансыз дүниелер де, оның ішінде - литосфера, энергетикалық қор, пайдалы кен қазбалары кіретін дүние әлемі екендігі көрінеді.

Бұл мәселеде айтылғандармен қатар, екінщі дүние (Вторая природа) деген де түсінік бар. Бұл үғым бойынша адамзат қолымен, еңбегімен жасалған дүниеліктердің бәрі - соңғы түсінікке жатады. Яғни, жайқалған егістік алқабынанбастап, қаламсапка дейін "екінші дүниелік" заттары болып табылады. "Екінші дүние" заттары да табиғат еншісі болып табылғандықтан, олардың табиғат ұғымына кіретініне ешкім шек келтіре қоймас.

Адамдардың табиғатқа тигізетін әсерлері және олардың салдары әртүрлі болады. Олардың кейбіреулері шағын аумақты алуы мүмкін. Мысалы, өзендерге салынған плотина, кішкене көлшіктердің пайда болуына, сол аумақта су деңгейінің жоғарылауына, ал кейбір шұрайлы аймақтың тіптен су астында қалып қоюына өкеліп соғады.

Физиологиялық адаптация деп - қоректенетін азық құрамы мен түріне қарай ас қорыту жуйелерінің бейімделуін айтады. Мәселен, шөл және шөлейттегі жан-жануарлар, жәндіктер өз шөлін, асқазаны мен денесіндегі майларды биохимиялық тотықтыру нәтижесінде басады.

Фотосинтез- өсімдіктер дүниесінің бейорганикалық заттардан, күрделі органикалық қосылыстар (көмірсулар) түзуін сипаттайды және бұл — сол өсімдік тіршілік етуі үшін мұқтаждықтан туындаған физиологиялық бейімделу.

Күнкөріс сипаттағы адаптация (поведенческие или этологические адаптации) тіршілік иелерінің өздеріне ыңғайлы және қолайлы жағдай іздеуінен туындаған. Қоршаған ортамен жылу түрінде энергия алмасу барысында, жәндіктер күн көзіне қыздырынады немесе күн ыстықтығының аптабынан көлеңкеге, індерге тығылады.

Жан-жануарлар, тек температура өзгерісіне ғана емес, ауа ылғалдылығы, жер дымқылдығы, күн сәулесінің жарықтығы және де басқа экологиялық факторларға өз организмдерін бейімдейді, яғни адаптацияланады.

V. Бекіту:

1. Адамзат және жан-жануарлар экологиясы айырмашылығы?

2. Физиологиялық адаптация деген не?

3. Адамдардың табиғатқа тигізер әсері қандай?

VI.Үйге тапсырма беру:

Тақырыпты оқу, түсіну.

№19

Күні:

Пәні:

Сынып: 10 а, б, в

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер экологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларды өсімдіктердің экологиялық топтарымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекке,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, кесте,

Пәнаралық байланыс: География.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

ІV. Жаңа сабақ

V. Бекіту кезеңі

VІ. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы: